Екінші баламды келісіммен тудым - Айнұр Шапайқызы - AQ MAMA | 4 бағдарлама, 3 шығарылым
Описание
“Ақ мама” алаңында тағы төрт үміткер бас қосты. Олардың тағдыры да, тәрбиесі де төрт түрлі. Уақыт адамның ең бағалы байлығы, тәрбиені сағат сауатынан бастау керек дейді тайм-менеджер ана Ақмарал Жұпар. Анел Азимова қызымның тәрбиесін тәжірибелі әжесіне тапсырдым деп еркін жүр. Ұлдарым ұлтан емес, сұлтан болсын деген Айнұр Шапайқызы оларды титтейінен таспаға түсіріп, түсірілімдерге тасиды. Заманауи тәрбие әдістерін зерттеуден жалықпайтын Раушан Байекова ең асылын перзенттеріне бергеніне сенімді.
Бүгін олар продюсер мама Айнұр шапайқызының үйіне қонаққа барды. Не көріп, не түйгенін біз де білейік.
Егер Сіз де Ақ мама жобасына қатысқыңыз келсе https://aqmama.kz сілтемесі бойынша өтінім қалдырыңыз.
Написать комментарий
Комментарии
Комментариев нет. Будьте первым кто оставит комментарий.